«Челси» - Англия чемпионы

Футболдан Англия Премьер-лигасының аяқталуына үш тур қалғанда лондондық «Челси» чемпион атағын алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

35-турда «ақсүйектер» өз алаңында «Кристал Пэласпен» кездесіп, 1:0 жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голдың авторы – Эден Азар. Бірінші тайм аяқталар тұста қонақтардың қақпасына пенальти беріліп, нүктеге бельгиялық ойыншы келген. Қақпашы соққыны алып шыққанымен, кері қайтқан допқа Азар бірінші жетіп, қанжығасын майлады. Осы голдан кейін «Челси» қорғаныста нық ойнап, қарсыласына мүмкіндік бермеді.

Осылайша 35-турдан соң 83 ұпай еншілеген «Челси» екінші орында келе жатқан «Манчестер Ситиден» 13 ұпайға озып кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или