«Атырау» көшбасшылар қатарына қосылды

Ел премьер-лигасының оныншы турын «Атырау» мен қарағандылық «Шахтер» арасындағы кездесу қорытындылады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Кездесудің тағдырын бір ғана гол шешті. Алғашқы таймда қарсыластар есеп аша алмады. Ал үзілістен кейін Иван Ивановичке қарсы «кеншілердің» айып алаңында ойын тәртібі бұзылып, төреші пенальти нүктесін көрсетті. Он бір метрлік айып соққысын орындаған Эссаме өз командасын алға шығарды. Қорытынды есеп – 1:0.

Осы жеңісінен кейін 18 ұпай жинаған «Атырау» «Қайрат», «Астана» және «Ордабасымен» теңесті. Көш басындағы «Ақтөбеде» ғана 20 ұпай бар.

Қазақстан чемпионаты, 10-тур.

«Атырау» - «Шахтер» 1:0 (0:0)

Гол: Эссаме 58

«Атырау»: Нарзықұлов, Чичулин, Айтбаев, Григорьев, Кузьмин, Диакате, Эссаме, Аржанов (Трифунович 87), Иванович (Одибе 71), Қалмұратов, Тлешев (Пархачев 46).

«Шахтер»: Шацкий, Обри, Азаматов, Джидич, Порываев, Покривач, Коструб (Вошаглик 76), Петрацци, Ветров (Ермеков 73), Мұртазаев, Топчагич.

Төрешілер: Игорь Чесноков, Дмитрий Будниченко, Андрей Попов

Ескертулер: Обри 49, Джидич 73

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или