«Тобыл» «Астана Аренада» тас-талқан болды

«Тобыл» «Астана Аренада» тас-талқан болды

Футболдан ел чемпионы «Астана» өз алаңында қостанайлық «Тобылды» ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Елордалықтар матчтың тағдырын алғашқы таймда-ақ шешіп тастады. 28-минутта Дмитрий Шомко алаң иелерін алға шығарған, араға үш минут салып Таңат Нөсербаев есеп айырмасын ұзартты. Үзіліске дейін бар шаруаны шешіп тастаған «Астана» екінші таймда да білгенінен жаңылмады. 58-минутта былтырғы маусымның үздік сұрмергені Фокси Кетевоама есепті 3:0-ге жеткізді.

Ал 62-ші минутта алаңға шыққан Бауыржан Жолшиевке гол салу үшін төрт қана минут жеткілікті болды. Қорытынды есеп – 4:0.

Осылайша «Астана» 10-турдан соң 18 ұпай жинап, көшбасшылардың қатарына қайта қосылды. Ал қатарынан төрт кездесуде жеңілген  «Тобыл» болса, 8 ұпаймен көштің соңғы жағында келеді.

«Астана» - «Тобыл» 4:0 (2:0)

Голдар: Шомко 28, Нөсербаев 31, Кетевоама 58, Жолшиев 66

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или