Михаил Голубничий «Ақсу» сапына қосылды

Михаил Голубничий «Ақсу» сапына қосылды

«Ақсу» футбол клубы қазақстандық қақпашы Михаил Голубничиймен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Михаил - Павлодар футболының түлегі. Ол кәсіпқой карьерасын «Ертістің» қосалқы құрамасында бастады. 2015 жылы елордалық «Астанаға» ауысып, бірінші маусымда командамен бірге Қазақстан чемпионатының алтын медальдарын жеңіп алды.

27 жастағы футболшы 2019 жылы «Ақсу» сапында өнер көрсетіп, командамен Қазақстан кубогының 1/8 финалына дейін жеткен.

Сондай-ақ Михаил «Бәйтерек», «Қызыл-Жар», «Оқжетпес» және «Атырау» клубтарында өнер көрсеткен болатын. Қақпашының соңғы клубы талдықорғандық «Жетісу» болды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или