ҚФФ президентін сайлау заңсыз деп танылуы мүмкін

ҚФФ президентін сайлау заңсыз деп танылуы мүмкін

Prosports.kz қолына құжат тап болды, онда Қазақстан футбол федерациясының жаңа президентін сайлаудың заңдылығына қатысты апелляция қандай негізде берілгені жазылған.

Еске салайық, 2022 жылдың 28 ақпанында ҚФФ сайлау конференциясы өтіп, онда ұйымның жаңа басшысын сайлау өтті. Федерация басшысы болып Әділет Барменқұлов атанды, ол мүмкін болған 26 дауыстың 14-ін жинап, бірінші турда жеңіске жеткен.

Дауыс беруде екінші орынды Берік Қаниев (11) иеленді, оның өкілдері сайлау кезінде ереже өрескел бұзылғанына назар аударды. Атап айтқанда: «Оңтүстік Қазақстан облысы футбол қауымдастығының» заңсыз ҚФФ мүшесі болуы, уәкілетті емес адамның дауыс беруге қатысуына рұқсат етілуі және бір адамның бір уақытта ҚФФ ЗТБ құрамының бірнеше мүшесін басқаруына жол берілмеуі.

Сонымен қатар, «Түркістан облысы футбол федерациясы» өкілі Хакім Күшқалиевтің сайлауға қатысуына рұқсат етілмегені көрсетілген. Ал, керісінше, ҚФФ «Қазақстан футзал қауымдастығы» мүшесінің өкілі Александр Перемитин сайлауға заңсыз қатысқан.

Апелляциялық шағым түсірген өкіл Әділ Хасенов 2022 жылғы 28 ақпандағы ҚФФ президентін сайлау бойынша сайлау конференциясының қорытындысын жоюды және осы заң бұзушылықтардың барлығын ескере отырып, екінші рет сайлау өткізуді ұсынады.

Енді не боларын көреміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или