Қазақстан Суперкубогы: Трофей «Тобылда» қалды

Қазақстан Суперкубогы: Трофей «Тобылда» қалды
news-banner7
mobile-news-top

«Астана Аренада» Қазақстан Суперкубогы үшін өткен матчта қостанайлық «Тобыл» мен алматылық «Қайрат» командалары ойнады, деп жазады Prosports.kz.

«Тобыл» 2:1 есебімен ұтып, екінші жыл қатарынан Қазақстан Суперкубогының иегері атанды. Қостанайлықтар қатарынан Серікжан Мужиков пен Айбар Жақсылықов гол соқса, «Қайрат» сапынан Жоао Пауло көзге түсті.

Еске салайық, «Тобыл» былтыр да Қазақстан Суперкубогында топ жарған. Сондай ақ, өткен маусымда ел чемпионы атанды.

«Тобыл» (Қостанай) – «Қайрат» (Алматы) – 2:1 (1:1)

Гол соққандар: Мужиков 28 (пенальти – 1:0), Жоао Пауло 40 (1:1), Жақсылықов 83 (2:1)

Төреші: Сахи (Қызылорда)

Соғылмаған пенальти: Рикарду Алвеш 65 («Қайрат»)

2 наурыз. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер