Суперкубок-2022: алдағы матч қатысушыларына бес сұрақ

Суперкубок-2022: алдағы матч қатысушыларына бес сұрақ

Маусымның алғашқы жүлдесі үшін матч алдында Prosports.kz тілшісі «Тобыл» мен «Қайрат» ойыншыларына бес сұрақ қойды.

- Сіздің команда үшін Суперкубокта жеңіске жету қаншалықты маңызды?

Асхат Тағыберген («Тобыл»):

- Маусымның алғашқы жүлдесі кез келген ойыншы мен команда үшін өте маңызды. Осы жүлдеге ие болып, маусымның қалған бөлігінде басқа жүлделер үшін бәсекелестікте ойыншылар жақсы өнер көрсете алады.

Сергей Кейлер («Қайрат»):

- Әрине, Суперкубокта жеңіске жету біз үшін өте маңызды. Қай турнирге қатысатынымыз маңызды емес, біздің алдымызда әрқашан жеңіске деген міндет бар. Сондықтан біз алдағы матчқа байсалды қараймыз.

- Егер таңдау мүмкіндігі болса - Суперкубокта немесе чемпионатта жеңіске жету - қайсысын таңдар едіңіз?

А.Т.

- Мен екі рет бұл жүлденің иегері болдым және мен үшін бұл басқа марапаттарыммен бір деңгейде.

С.К.

- Мен бұл жүлделердің арасында таңдау жасағым келмейді. Мен үшін «Қайрат» сапында әр кездесуде жеңіске жету мен әр жүлдеге ие болу маңызды.

- Алдағы кездесуде фаворит кім?

А.Т.

– Бас бапкеріміз (Александр Москаленко – еск. Prosports.kz) айтқандай, матчта мықтылар жеңіске жетеді, бірақ мүмкіндік тең. Бұл жүлдені екі команда да жеңіп алғысы келеді. Бұл өте қиын матч болады. Соңына дейін күресетініміз анық. Сондай-ақ ойын алдында мереке атмосферасы мен маусымның әдемі ашылуы, сондай-ақ ұзақ қысқы үзілістен кейінгі командалардың ойын сапасы әлдеқайда маңызды екенін атап өтемін.

С.К.

- Бұл матчта командалардың бірі фаворит болып саналады деп ойламаймын. Бұл финал. Жеңіске жету мүмкіндігі екі командада да тең.

- Қарсылас команданың ең қауіпті ойыншысы?

А.Т.

- Әрине, «Қайрат» - өте мықты қарсылас, олардың құрамы жақсы, тәжірибелі бапкері бар. Бір нәрсені білемін - біз жеңіс үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз.

С.К.

– Мен ешкімді бөліп айтпаймын. «Тобыл» – мықты ойыншылары бар жақсы команда. Бізді мықтылар жеңетін кездесу күтіп тұр.

- Сіздердің мықты жақтарыңыз?

А.Т.

– Бұл сұрақтың жауабы жанкүйерлерге қалсын, олар жақсырақ біледі.

С.К.

- Ойын көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы Қазақстан Суперкубогы үшін матч 2 наурызда Нұр-Сұлтанда өтеді. Ойын «Астана-Арена» стадионында елорда уақытымен 19:30-да басталады.

Фото: «Қайрат» ФК, «Тобыл» ФК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или