ПСЖ Мбаппе келісімшартын ұзартса 100 миллион еуро төлеуге дайын

ПСЖ Мбаппе келісімшартын ұзартса 100 миллион еуро төлеуге дайын

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппеге жаңа келісімшарт ұсынды.

Le Parisien басылымының хабарлауынша, 23 жастағы французға салық алынғаннан кейін 50 миллион еуро жалақы алатын 2024 жылға дейін келісім ұсынылған..

Сондай-ақ ойыншы ПСЖ-да қалуды шешсе, адалдық бонусы ретінде 100 миллион еуро алады.

Мбаппенің ПСЖ-мен қазіргі келісімі 2022 жылдың жазына дейін. Килиан осы маусымда чемпионатта 24 ойынға қатысып, 14 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или