«Қызыл-Жар» қорғаушысы беларусьтік клубқа ауысты
Ресейлік қорғаушы Сергей Бугриев беларусьтік «Витебск» командасына ауысты.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
23 жастағы ойыншы былтырғы маусымда «Қызыл-Жар» клубында өнер көрсетті. Петропавлдық команда сапында ол бар болғаны 4 кездесуге қатысты.
Айта кетейік, «Витебск» Беларусь Жоғарғы лигасының кейінгі маусымында жетінші орын алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или