«Қызыл-Жар» ойыншылары Украинадағы әскери қақтығысқа қарсы шықты

«Қызыл-Жар» ойыншылары Украинадағы әскери қақтығысқа қарсы шықты

Құрамында Ресейден де, Украинадан да легионерлер бар петропавлдық «Қызыл-Жар» футболшылары аталған екі ел арасындағы әскери текетіреске қарсылық білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соғысқа наразылық ретінде солтүстікқазақстандық клубта доп тебетін украиналық Юрий Бушман мен ресейлік Мирослав Лобанцев Украина мен Ресейдің туы бейнеленген жейде киіп, оған «Бейбітшілік үшін!» және «Соғысқа қарсымыз!» деген үндеу жазып, бірге суретке түсті. 

Айта кетейік, 22 ақпанда РФ президенті заң шығарушылар мен Қауіпсіздік Кеңесінің қолдауымен ДХР мен ЛХР-ді тәуелсіз ел деп танып, 24 ақпанда Украина аумағында әскери операция басталғанын хабарлады. Ақпанның 28-і күні Беларусьте Украина мен Ресей делегациясы арасындағы қақтығысты реттеу бойынша алғашқы келіссөз өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или