«Ақтөбе» сербиялық қақпашымен келісімшартқа отырды
Ресми: «Ақтөбе» футбол клубы сербиялық қақпашы Саша Стаменковичпен келісім-шартқа отырды.
Лесковац қаласының тумасы өз отанындағы беделді «Црвена Звезда», «Раднички» және «Напредак» клубтарының құрамында доп теуіп, Сербия чемпионатының күмісі мен қоласын жеңген. Сондай-ақ Әзірбайжанның «Нефтчи» мен «Сабах» ұжымдары сапында ойнап, аталмыш елдің екі дүркін чемпионы атанған.
Бойы 1,93 метрді құрайтын Стаменкович өз уақытында Сербия жастар құрамасының намысын қорғаған. Көкшетаулық «Оқжетпес» қосынындағы сәтті ойнымен қазақстандық жанкүйерлердің жадында қалған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или