«Астанаға» ганалық шабуылшы ауысып келуі мүмкін
«Астана» футбол клубы ганалық футболшы Элвис Мануды қатарына қосуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
28 жастағы шабуылшы қазақстандық клубқа еркін агент ретінде ауыспақшы, бірақ жоғары жалақы алады.
Ол болгариялық «Лудогорецте» екі жыл өнер көрсетіп, биыл ақпан айының басында ол клубтан кетті.
Дереккөздің хабарлауынша, Ману еркін агент ретінде жаңа мүмкіндіктер іздеп жатыр, ал «Астана» басшылары ойыншыны келер аптаға дейін алуды мақсат етіп отыр.
Элвис Ману «Лудогорец» сапында 57 кездесуге қатысып, он алты гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или