«Ордабасы» ОЖЖ-дағы соңғы жолдастық матчын өткізді
Қазақстандық «Ордабасы» чемпионатқа дайындық аясында Шымкентте соңғы жолдастық матчын өткізді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
27 ақпанда «БИIК» спорт орталығының стадионында шымкенттіктер «Академия Оңтүстік» командасымен кездесіп, 3:1 есебімен жеңді. «Ордабасы» сапында Нұрәли Мамырбай мен қаралымнан өтіп жатқан футболшылар гол соққан.
Еске салайық, Қазақстан чемпионаты 5 наурызда басталады, «Ордабасы» өз алаңында Премьер-лига дебютанты «Мақтаарал» командасын қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или