Санкт-Петербург Чемпиондар лигасының финалын қабылдамайды. Оны ауыстыратын қала ресми хабарланды
2021/2022 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы Санкт-Петербургтен Парижге ауыстырылды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
УЕФА атқарушы комитеті бүгін кезектен тыс отырыс өткізген. Онда Чемпиондар лигасының финалына қатысты шешім шығарылды.
Биылғы маусымдағы финалды Санкт-Петербург қабылдамайтын болды, оны Сен-Денидегі «Стад де Франс» стадионы ауыстырады.
Финал 28 мамырға жоспарланған.
Еске салайық, 24 ақпанда Украинада әскери жағдай жарияланған. Оған Украинада Ресей арнайы операция бастауы себеп болған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или