Конференция лигасы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді. Трансляция

Конференция лигасы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді. Трансляция

25 ақпанда УЕФА-ның Ньон қаласындағы (Швейцария) штаб-пәтерінде УЕФА Конференция лигасы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңге қатысатын 16 команда екі топқа бөлінген: еленген (топтық кезеңде бірінші орын алған командалар) және 1/16 финалда жеңіске жеткен командалар.

Еленген командалар: «АЗ» (Алкмар, Нидерланды), «Базель» (Швейцария), «Гент» (Бельгия), «Копенгаген» (Дания), ЛАСК (Австрия), «Ренн» (Франция), «Рома» (Италия) және «Фейеноорд» (Нидерланды).

<span>Екінші топ: «Буде-Глимт» (Норвегия), «Витесс» (Нидерланды), «Лестер Сити» (Англия), «Марсель» (Франция), ПАОК (Греция), «Партизан» (Сербия), ПСВ (Нидерланды) және «Славия» (Прага, Чехия).</span>

Бір елдің өкілдері 1/8 финалда кездесе алмайды. Бұл кезеңнің матчтары 10 және 17 наурызда өтеді.

Конференция лигасы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де басталады. Шараны мына <span>СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или