Балаев «Тұранға» ауысуы мүмкін
Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Тұран» Әзірбайжан құрамасының қақпашысы Эмиль Балаевпен келісімшартқа отырады.
Клуб 27 жастағы қақпашымен келісімге келді, жақында футболшы түркістандық командасының жаттығу жиынына қосылады.
Балаев «Тұранның» қазіргі бас бапкері Владимир Газзаевпен 2019 жылы «Тобылда» бірге жұмыс істеген.
Айта кетейік, бұған дейін Эмиль «Карабах», «Нефтчи», «Сабаил», «Зирю» және немістің «Айнтрахт» сияқты клубтарда өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или