«Қайсардың» бұрынғы қақпашысы «Алашкертке» ауысты
Ресейлік қақпашы Артем Потапов (Леонов) Ереванның «Алашкерт» командасына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz armenpress.am сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
27 жастағы қақпашы ресейлік «Краснодар», «Уфа», «Мордовия», «Крылья Советов», «СКА-Хабаровск», хорватиялық «Лучко», беларусьтік «Торпедо» және Минсктің «Динамо» командаларында өнер көрсеткен.
Айта кетейік, «Алашкертке» ауысқанға дейін қызылордалық «Қайсарда» ойнады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или