Эль-Класико өтетін уақыт белгілі болды
Испания Ла лигасы биылғы маусымдағы үшінші Эль-Класиконың өтетін уақытын белгіледі, деп жазады Prosports.kz.
Испания чемпионатының 29-туры аясындағы «Реал» мен «Барселона» матчы «Сантьяго Бернабеуде» өтеді. Ойын жергілікті уақыт 20 наурыз 21:00-ге жоспарланған. Бұл Қазақстан уақыты бойынша 21 наурызға қараған түні 02:00-ге тура келеді.
Демек, қазақстандық жанкүйерлерге кезекті Эль-Классиконы көру үшін түн ұйқысын бөлуге тура келеді.
Айта кетейік, биылғы маусыда қос команда екі рет кездесті. 24 қазанда өткен Ла лиганың 10-турында «Реал» сырт алаңда 1:2 есебімен жеңіске жетті. Ал 13 қаңтарда өткен Испания Суперкубогы аясындағы ойында «Реал» 3:2 есебімен «Барселонаны» тағы жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или