«Тұран» ойыншылар мен қызметкерлер алдындағы қарызын толық жапты
«Тұран» футбол клубы ойыншылар мен қызметкерлер алдындағы 2021 жылғы жалақы мен сыйлықақы бойынша барлық қарызын жапты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Былтыр клуб ойыншылар мен қызметкерлер алдында қарыз болып қалды. Қазір команда штаттық режимде жаттығып, жаңа маусымға дайындалып жатыр.
«Тұран» директоры қызметін атқарушы Айбек Тілеужан дәл қазіргі сәтте футболшылар алдындағы қарыз өтелгенін, команда жаңа маусымға дайындалып жатқанын айтты.
«Футболшылар мен қызметкерлер алдындағы қарыз толық көлемде өтелді. Қазір футболшылар жаттығу жиынынан оралды, бәрі жоспардағыдай. Сұрақ жауабын тапты», - деді директор.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или