Қазақстан құрамасының шабуылшысы шаңырақ көтерді
«Тобыл» футбол клубы мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Айбар Жақсылықов той жасады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы қостанайлық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қостанайлық клубтың футболшысы Айбар Жақсылықов заңды некеге тұрды. «Тобыл» футбол клубы Айбар мен оның жұбайы Аиданы құттықтайды.
Жас отбасына бақыт, амандық және ұзақ ғұмыр тілейміз!», - делінген қостанайлық клубтың хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или