Тәжірибелі қақпашы «Қыран» қатарына қосылды

Тәжірибелі қақпашы «Қыран» қатарына қосылды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, 34 жастағы қақпашы Рамиль Нұрмұхаметов «Қыран» сапында маусымға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұрмұхаметовтың соңғы клубы «Оқжетпес» болды. Бірінші лиганың 2021 жылғы маусымында бар болғаны жеті матч өткізді.

Жазда қақпашы көкшетаулық клубтан кетіп, маусымның жартысынан астамын еркін агент мәртебесінде өткізді.

Қазір Рамиль «Қыранмен» маусымға дайындалуда. Шымкенттік клуб ҚПЛ-ға шығу міндетін қойып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін қақпашы «Қайрат», «Тараз», «Қайсар», «Атырау», «Ордабасы» және «Ақтөбе» командаларында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или