Боранбаев: Әліпке РПЛ-дың басқа клубтарынан ұсыныстар бар
«Қайраттың» қадағалау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев қорғаушы НұралЫ Әліптің «Зенитке» ауысуы жайлы «РБ Спорт» порталына пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін петербургтіктер Әліпті негізгі құраммен қысқы оқу-жаттығу жиынына шақырып, нәтижесінде қазақстандық қорғаушы Ресей чемпионына жыл соңына дейін жалға берілген болатын.
«Егер «Зенит» Әліпті қатарына сақтап қалғысы келсе, неге ойыншыны ресейлік клубқа сатпасқа? Петербургтіктерден бөлек, Ресейдің басқа командаларынан Әліпке ұсыныстар бар», - деді Боранбаев.
Әліп «Қайрат» сапында 2018 жылдан бері доп тепті. Transfermarkt.ru порталы ойыншыны 1,7 миллион еуроға бағалап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или