«Ақтөбе» Латвия және ресейлік командалармен жолдастық кездесулер өткізеді

«Ақтөбе» Латвия және ресейлік командалармен жолдастық кездесулер өткізеді

Түркиядағы үшінші оқу-жаттығу жиыны аясында «қызыл-ақтардың» үш сынақ кездесуі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 ақпанда біздің қарсыласымыз қазіргі уақытта Латвияның Бірінші Лигасының көшбасшысы саналатын «Ауда» (Кекава) футбол клубы болады. Үш күннен кейін Мұхановтың шәкірттері өткен маусымдағы Латвия чемпиондары «Ригамен» кездеседі.

Ал 1 наурызда Ярославльдік «Шинникке» қарсы кездесу жоспарланған, ол да қазір Ресей ФНЛ турнирлік кестесінде бірінші орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или