«Астана» ел кубогының ширек финалына шықты

Футболдан ел чемпионы Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Экібастұздың «Шахтер» стадионында өткен кездесу астаналықтардың жеңісімен аяқталды. Матчтың 12-ші минутында Патрик Твумаси өз командасын есепте алға шығарды. Араға жиырма минут салып Алексей Щеткин есепті еселеді. Ал екінші таймда африкандық шабуылшы Твумаси дубльдің авторы атанды. Әйтсе де, алаң қожайындары екі голмен жауап берді. Алдымен, команданың капитаны Азамат Әубәкіров Логиновский қорғаған қақпадан саңлау тапса, Дюсембаев жалпы есепті қорытындылады. Осылайша, елордалық ұжым келесі айналымға сүрінбей өтті.

Қазақстан кубогы. 1/8 финал

«Экібастұз» - «Астана» - 2:3 (0:2)

Голдар: Әубәкіров А. 69, Дюсембаев 89- Твумаси 12, 53, Щеткин 35

«Экібастұз»: Айдарғәлиев, Ысқақов, Бурцев, Берсугуров, Дергач, Войнов, Жарынбетов, Искулов (Кених 38), Айменов (Мұрзабаев 63), Әубәкіров Т. (Дюсембаев 46), Әубәкіров А.

«Астана»: Логиновский, Пикалкин, Ахметов, Постников, Шомко, Қонысбаев, Жуков (Нөсербаев 70), Максимович (Бейсебеков 56), Твумаси (Кульбеков 63), Жанғылышбай, Щеткин.

Төрешілер: Данияр Сахи (Қызылорда), Денис Виноградов (Петропавл), Сергей Обрядов (Семей)

Қосалқы төреші: Дмитрий Будниченко (Экібастұз)

Инспектор: Виктор Заякин (Семей)

Ескерту алғандар: Дюсембаев 62, Ысқақов 82 – Нөсербаев 89

29 сәуір. Екібастұз. «Шахтер» стадионы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или