Буркина-Фасомен ойнайтын еліміздің футболшылары белгілі болды

Буркина-Фасомен ойнайтын еліміздің футболшылары белгілі болды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан Буркина-Фасо құрамасына қарсы өтетін матчқа қатысатын футболшылардың тізімін жариялады.

Қазақстан ұлттық құрамасы 12-мамыр күні Алматының Орталық стадионында Буркина-Фасо құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Бұл ойынға біздің құраманың футболшылары 8-мамыр күні дайындықтарын бастайды. Оқу-жаттығу жиындары Алматы маңындағы Талғардағы базада өтеді.

Бүгін Қазақстан құрамасының бас бапкері алдағы жолдастық кездесуге қатысатын футболшылардың тізімін жариялады. Құрама сапында бірнеше өзгеріс бар. Ширатып айтсақ, осы уақытқа дейін Қазақстан құрамасының бірінші нөмірлі қақпашысы болып келген Андрей Сидельников құрамаға шақырту алмаған екен. «Ордабасының» қақпашсының орнына бас бапкер «Оқжетпестің» намысын қорғайтын Антон Циринді шақыртқан.

Ал жарақатына байланысты ел біріншілігінде де, ұлттық құрама сапында да бірнеше ойынға қатыса алмаған елорданың «Астана» клубының шабулшысы Таңат Нөсербаев сапқа қайта қосылған. Одан бөлек, Юрий Красножан командаға «Тараз» клубында өнер көрсететін Тимур Досмағамбетов, Санат Жұмаханов және Альмир Мухутдиновті қосқан.

Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырту алған футболшылар:

Қақпашылар: Владимир Логиновский («Астана»), Стас Покатилов («Ақтөбе»), Антон Цирин («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Елдос Ахметов («Астана»), Ренат Абдулин («Ордабасы»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Илья Воротников («Тараз»), Марк Гурман («Қайрат»), Ермек Қуантаев («Қайрат»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Сергей Малый («Ордабасы»), Гафуржан Сүйімбаев («Ордабасы»), Шомко Дмитрий («Астана»);

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Жолшиев («Астана»), Тимур Досмағамбетов («Тараз»), Санат Жұмаханов («Тараз»), Георгий Жуков («Астана»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Ұлан Қонысбаев («Астана»), Станислав Лунин («Қайрат»), Альмир Мухутдинов («Тараз»), Роман Мұртазаев («Шахтер»), Азат Нұргалиев («Ордабасы»), Самат Смақов («Ертіс»);

Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев («Астана»), Сергей Хижниченко («Ақтөбе»), Щеткин Алексей («Астана»).

Қазақстан Кубогының 1/8 финалы мен Премьер-лиганың екі турының ойындары ескеріліп, келесі футболшылар шақырту алуы мүмкін: қақпашылар - Андрей Сидельников («Ордабасы»), Ненад Эрич («Астана»), қорғаушы - Дмитрий Мирошниченко («Ақтөбе»), жартылай қорғаушылар - Аслан Дарабаев («Қайрат»), Жақып Қожамберді («Тараз»), Асхат Тағыберген («Ақтөбе») және шабуылшы - Тоқтар Жаңғылышбай («Астана»).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или