«Реал» Мартин Эдегорды негізгі құрамға шақырды

«Реал» Мартин Эдегорды негізгі құрамға шақырды
<p> <strong>Мадридтік &laquo;Реал&raquo; жас жартылай қорғаушы Мартин Эдегорды &laquo;Реал Кастильядан&raquo; негізгі құрамға шақырды. Футболшы 30 сәуір күні &laquo;корольдік клубтың&raquo; &laquo;Альмерияға&raquo; қарсы өткізетін ойынына қатысуы мүмкін.</strong></p> <p> ХХХIV турдағы &laquo;Реалдың&raquo; Мадридтегі &laquo;Альмерияға&raquo; қарсы өтетін ойынына Карло Анчелотти Мартин Эдегорды шақыртып отыр. 16 жастағы норвегиялық жартылай қорғаушының негізгі құрамдағы ойынын жанкүйерлер асыға күткен еді. Ол &laquo;Реалдың&raquo; негізгі құрамында әлі алаңға шықпаған. Сонымен қатар, бұл футболшыдан өзге тағы екі ойыншы негізгі құрамға шақырту алған.</p> <p> Айта кетейік, Мартин Эдегор қаңтар айында Норвегияның &laquo;Стремгодсет&raquo; клубынан &laquo;Реалға&raquo; ауысқан болатын. Келісімшарт бойынша &laquo;корольдік клуб&raquo; құрамында 2017/2018 жылғы маусымға дейін өнер көрсетеді. Жылына 2,25 миллион евро көлемінде жалақы алады. Егер сәтті өнер көрсетіп жатса, бұл жалақы келісімшарт бойынша 6,8 миллион евроға дейін жоғарылайтын болады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или