Айбол Әбікен «Ақсу» сапына қосылды

Айбол Әбікен «Ақсу» сапына қосылды

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен Түркиядағы жаттығу жиынында павлодарлық «Ақсу» сапына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>Айбол Әбікен 2018 жылдан бері «Қайраттың» негізгі құрамында ойнаған. Футболшы 2021 жылы Қазақстан чемпионатында 21 матч өткізді (2 гол, 3 нәтижелі пас), Қазақстан кубогының 8 матчында 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ ойыншы еурокубоктың 9 ойынында алаңға шығып, 2 гол соғып, бір нәтижелі пас берген болатын.</span>

Еске сала кетейік, 17 ақпанда «Ақсу» украиналық «Александрияға» қарсы бақылау матчын өткізеді.

<span>Фото fckairat.com</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или