«Пюник» Геворг Наджарянды армениялық футболшы деп таныстырды

«Пюник» Геворг Наджарянды армениялық футболшы деп таныстырды

Жақында қазақстандық футболшы Геворг Наджарян армениялық «Пюник» сапына ауысқан еді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб өзінің ресми сайтында футболшыны армениялық деп таныстырды

Наджарян Қарағандының «Шахтер» клубының түлегі. 2015 жылдың наурыз айында «Шахтердің» негізгі сапында дебюттік ойынын өткізді. Футболшы мансабында қазақстандық «Астана» сапында да өнер көрсеткен.

Айта кетейік, Геворг Наджарян Қазақстан жастар құрамасында өнер көрсетіп, 20 кездесу өткізіп, бір гол соққан.

Сондай ақ, Қазақстан құрамасы сапында бір жолдастық матчқа қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или