Қазақстандық ойыншы еуропалық клубқа ауысты
Қазақстандық шабуылшы Данил Анкудинов Молдованың «Шериф» клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың өзі ресми хабарлады.
Данил Анкудинов 2003 жылы туған. Футбол әліппесіне Қарағандыда үйреніп, кейін Испанияға шақырту алды. Ол жақта «Марсет» және «Касабланка» командалары сапында ойнады. Кейінгі жарты жылды «Родина Москва» командасында өткізді.
Өткен жылы Данил Анкудинов Солтүстік Ирландияға қарсы матчта Қазақстан U-19 құрамасының сапында алаңға шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или