«Атырау» украиналық клубпен жолдастық матч өткізеді
Украиналық Харьков қаласының командасы «Металлист» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында «Атыраумен» жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Атырау» ертең «Металлистпен» ойнайды. Матч елорда уақытымен 19:00-де басталады. Ойын украиналық клубтың YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
«Металлист» Украинаның бірінші лигасында ойнайды. 20 турдан кейін Харьков клубы 53 ұпаймен кестеде көш бастап тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или