«Қайрат» киевтік «Динамодан» ірі есеппен ұтылды

«Қайрат» киевтік «Динамодан» ірі есеппен ұтылды

Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы үшінші жолдастық кездесуінде алматылық «Қайрат» Киевтің «Динамосымен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Құрбан Бердыев келесі құрамды шығарды: Устименко, Астанов, Буранчиев, Баньяк, Қасабулат, Гуральский, Крачковский, Сейдахмет, Алықұлов, Үсенов, Швырев.

Матч 4:0 есебімен украиналық команданың пайдасына аяқталды. 

«Динамо» биылғы маусымдағы Украина чемпионатының 18 ойынынан кейін турнирлік кестеде екінші орында тұрса, «Қайрат» 2021 жылғы Қазақстан біріншілігінде қола жүлдегер атанды.

Бұған дейін «Қайрат» оқу-жаттығу жиынында босниялық «Борак» (0:1) мен өзбектің «Навбахор» клубтарынан (1:2) ұтылды. Келесі кездесуін 18 ақпанда ресейлік «Сочи» клубына қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или