Жереми Манзорро «Астанаға» ауысады
Франциялық жартылай қорғаушы Жереми Манзорро «Астанамен» келісімшартқа отырады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.
Футболшы бірнеше күннен бері елордалық клуб сапында оқу-жаттығу жиынына қатысып жүр. Жақын күндері Манзорро ресми түрде клуб ойыншысы ретінде таныстырылады. Бүгін ол украиналық «Мариупольге» қарсы жолдастық кездесуіне қатысады.
Айта кетейік, жартылай қорғаушы бұған дейін «Ертіс», «Шахтер» және «Тобыл» командаларында өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или