«Ақсу» Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысымен жаңа келісімшарт жасасты
«Ақсу» жартылай қорғаушы Артем Поповпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Артем Попов – павлодарлық «Ертістің» түлегі. 24 жастағы ойыншы Премьер-лигадағы дебютін 2015 жылы 17 жасында өткізген.
2020 жылы тамыз айынан бастап ол «Ақсу» сапында өнер көрсетіп жүр. Ол 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасында 4 кездесуге қатысқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или