Қазақстан құрамасы FIFAА рейтингінде төмен сырғыды
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалар рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алдыңғы үш орында Бельгия, Бразилия және Франция құрамалары қалды. Қазақстан құрамасы бұрынғы рейтингімен салыстырғанда бір сатыға төмендеп, 120-орынға түсьі.
Еске салайық, Талғат Байсуфиновтың шәкірттері соңғы матчын өткен жылдың 16 қарашасында өткізіп, өз алаңында Тәжікстанды минимал есеппен ұтқан (1:0).
2022 жылдың 10 ақпанындағы ФИФА рейтингі:
1 (1). Бельгия - 1828 ұпай
2 (2). Бразилия - 1823
3(3). Франция - 1786
4 (5). Аргентина – 1766
5 (4). Англия – 1755
6 (6). Италия - 1740
7(7). Испания – 1704
8(8). Португалия - 1660
9(9). Дания - 1654
10 (10). Нидерланды – 1653
27 (25). Украина - 1535
35 (34). Ресей - 1493
85 (84). Өзбекстан – 1277
86 (85). Грузия - 1269
92(92). Армения – 1242
94(94). Беларусь - 1233
96(96). Қырғызстан – 1228
106 (107). Эстония – 1176
115(116). Тәжікстан – 1152
120 (119). Қазақстан – 114
121 (120). Әзірбайжан – 1139
134 (133). Түрікменстан – 1117
135 (134). Латвия - 1100
137(136). Литва – 1091
181 (181). Молдова – 926