Қуат Сағиев джиу-джитсуден әлем чемпионы атанды

Қуат Сағиев джиу-джитсуден әлем чемпионы атанды

Джиу-джитсуден Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен әлем чемпионатында қазақстандық Қуат Сағиев топ жарды.

Әбу-Даби қаласындағы дүниежүзілік додаға әлемнің 86 мемлекетінен спортшылар қатысқан. Жерлесіміз ол жақта барлық қарсыласынан басым түсті.

Қуаттың джиу-джитсумен айналысқанына көп бола қойған жоқ. Бір жарым жылдың ішінде алдымен Қазақстан чемпионатында топ жарды. Одан кейін қаңтар айында Португалия астанасы ЛиссабондаЕуропаның ашық біріншілігінде чемпион атанды. 70 келіге дейін салмақта өнер көрсететін спортшы Лиссабондағы Casal Vistoso аренасында 4 жекпе-жек өткізіп, барлығын айқын басымдықпен жеңіп келген болатын. Енді, міне, әлем біріншілігін бағындырды.

Айта кетейік, аталған әлем біріншілігіне Қазақстаннан 22 спортшы қатысты. Қуаттан бөлек, тағы үш спортшы бас жүлдеге қол жеткізді.

– Еліміздің осындай толағай табысқа кенелуіне Қзақстан джиу-джитсу федерациясының вице-президенті Арманжан Рузахуновтың еңбегі зор. Менің спортқа деген қызығушылығымды оятқан сол кісі» дейді, – Қ. Сағиев.

Қуат еліміздегі ең танымал джиу-джитсу орталықтарының бірі Астана-альянс» клубының мүшесі. Осы орталықта жаттығады.

Baq.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или