Украиналық форвард «Ақтөбеде» қалады

Украиналық форвард «Ақтөбеде» қалады

Қазақстандық «Ақтөбе» украиналық форвард Виталий Балашовпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.

Одессалық «Черноморецтің» 31 жастағы түлегі ақтөбелік командада кем дегенде бір жыл ойнайды.

Еске салайық, Балашов «Ақтөбеге» 2021 жылдың тамызында ауысқан. ҚПЛ аясында ол 7 ойын өткізіп, 2 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или