Мане Африка кубогының үздік ойыншысы атанды

Мане Африка кубогының үздік ойыншысы атанды

Сенегал құрамасы мен «Ливерпуль» шабуылшысы Садио Мане Африка ұлттар кубогының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мане Сенегал құрамасымен бірге құрлық біріншілігінде топ жарды. Олар финалда Египет құрамасын пенальти сериясында ұтты. 

Турнирдің бес кездесуінде ол үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, турнирдің үздік бомбардирі Камерун құрамасының шабуылшысы Венсан Абубакар болды. Ол сегіз гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или