«Арсенал» Джордже Деспотовичпен келісімшарт жасасқанына қатысты пікір білдірді
Тулалық «Арсеналдың» басшысы Гурам Аджоев шабуылшы Джордже Деспотовичпен келісімшартқа отырғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.
«Біз Деспотовичті тамаша шабуылшы ретінде білеміз. Оның РПЛ-ға бейімделгені маңызды, өйткені ол біздің чемпионатта көптен бері ойнап келеді. Деспотовичтің «Арсеналға» пайдасы тиетініне сенімдімін. Қазір оның ынтасы жоғары, ол өзінің керемет ойыншы екенін дәлелдеп, көрсеткісі келеді», - деді Аджоев «Чемпионат» тілшісі Андрей Панковқа берген сұхбатында. 29 жастағы сербиялық футболшының «Арсеналмен» келісімшарты үш жылға есептелген. Деспотович Ресей Премьер-лигасының осы маусымында тоғыз ойынға қатысып, бір гол және бір нәтижелі пас берді. Бұған дейін Деспотович Ресейде «Оренбург» пен «Рубин» ойнаған болатын.
РПЛ-ға кетер алдында Деспотович «Жетісу», «Тобыл», «Қайрат» және «Астана» командаларында өнер көрсеткен.