«Жетісудың» жаңа маусымға арналған бюджеті белгілі болды
«Жетісу» футбол клубының жаңа бас директоры Қалмұхамет Дөңсебаев Бірінші және Екінші лига командаларының әкімшілік қызметкерлерімен және жаттықтырушылар алқасымен кездесу барысында клубтың ұзақ мерзімді стратегиясын таныстырып, алдағы уақыттағы мақсат-міндеттерді белгіледі, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы талдықорғандық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
«Біздің клубтың 40 жылдық ұзақ тарихы бар, алда негізгі командамызды жанкүйерлерінің құрметіне лайық деңгейге қайта көтеруіміз қажет», - деп атап өтті клубтың жаңа басшысы.
Сонымен қатар, ол жергілікті ойыншылары барынша көбейтіп, шетелдік легионерлер санын азайту арқылы жергілікті футболды дамыту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Клубтың биылғы маусымдағы бюджеті 800 миллион теңге болады. Бұл қаражат тек негізгі командаға ғана емес, екінші командаға, сондай-ақ орталық стадион мен жасөспірімдер футбол орталығын қаржыландыруға жұмсалады. Футбол орталығында 13 топ немесе әртүрлі жастағы үш жүзден астам бала тегін футболмен айналысады», - деді функционер.
Құлмұхамет Дөңсебаевтың айтуынша, «Жетісу» командасының басты міндеті – Бірінші лигадан Премьер-лигаға жолдама алып, жоғарғы дивизионда өнер көрсетуі.