Қазақстан құрамасының ойыншысы «Ақжайықтан» «Тұранға» ауысты

Қазақстан құрамасының ойыншысы «Ақжайықтан» «Тұранға» ауысты

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Еркін Тапалов Оралдың «Ақжайығынан» «Тұранға» ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

<span>Түркістандық клубтың баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Тапаловпен келісімшартқа қол қойылған. </span>

<span>Орал футболының түлегі Еркін Тапалов өткен маусымда «Ақжайық» сапында 25 матч өткізіп, 2 гол соқты. Ол сондай-ақ Қазақстан құрамасына шақырылып, алғашқы кездесулерін өткізген болатын. </span>

<span>Тапалов өзінің Инстаграмдағы парақшасында басқа клубқа кететінін мәлімдеп, «Ақжайық» командасының басшылығына, өткен жылы қолдау көрсеткен жанкүйерлердің бәріне алғысын білдірді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или