«Жетісу» клубтың жаңа директорын таныстырды
«Жетісу» футбол клубының жаңа директоры болып Дөңсебаев Қалмұхамет Жағыпарұлы тағайындалды, ол 2004 жылдан бері Талдықорған футбол федерациясын басқарып келген, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа директорды ұжымға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев таныстырды.
Облыстық спорт басқармасының басшысы клубтың жаңа директорына қызметінде сәттілік тілеп, бұрын қолға алған бағытты жалғастыру – жергілікті футболды дамыту, ойын тәжірибесінің сапасын арттыру, футболшыларды іріктеу мен жетілдіру қажеттігін атап өтті.
Соның ішінде балалар-жасөспірімдер футбол орталығының және Екінші лиганың қосалқы құрамының әлеуетін кеңінен пайдалану. Клубтың басты міндеті – «Жетісу» командасының биылғы маусымның соңында Бірінші лигадан Премьер-лигаға шығу болып табылады.
– Бұл үшін клубта барлық мүмкіндіктер бар, барлық мәселелер бойынша облыс басшылығы тарапынан қажетті қолдау көрсетіледі, – деді Нұрбақыт Теңізбаев.<br /><br /><br />