Беларусь құрамасының қақпашысы Қазақстан чемпионатына ауысуы мүмкін
32 жастағы қақпашы Александр Гутор қазақстандық клубтардың біріне ауысуы мүмкін, деп хабарлайды беларусьтік журналист Владислав Татур.
«Гуторға қазақстандық клубтар көз тігуде, бірақ бұл елдегі командалардың қаржылық мүмкіндіктері бұрынғыдай емес. Мүмкін нұсқалардың қатарында «Оренбург» та бар, бірақ оның «Львовқа» ауысуын күтудің де қажеті жоқ», – деп жазады журналист.
Александр Гутордың соңғы клубы солигорсктік «Шахтер» болды. Қақпашы «Шахтёрда» екі жыл ойнап, 62 матчта 44 гол өткізіп, 27 ойында қақпасын голдар аман сақтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или