Станимир Стойлов: «Бұл тамаша футбол триллері болды»

Станимир Стойлов: «Бұл тамаша футбол триллері болды»

Елордалық клубтың бас бапкері Станимир Стойлов «Қайратқа» қарсы өткен ойын жайлы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Егер қызықтық тұрғысынан қарасақ, бұл ойын көруге тұрарлық ташама футбол триллері болды. Көптеген голдар соғылған қызықты ойын болды. Ал егер, футбол тұрғысынан қарасақ, менің ойымша, біздің қорғаушыларымыз көптеген қателер жіберген болатын. 4 гол соққанымызға өте қуаныштымын. Өткен ойында біз ұтылған болатынбыз, осы ойында жеңіске жеттік. Ойын тамаша өтті, жеңіске жеткенімізге қуаныштымын.

- «Қайрат» пен «Астананың» ойындары соңғы жылдары нағыз «дерби» саналады. Ойынға дайындық ерекше болды ма?

- «Қайрат» - Қазақстанның ең жақсы командаларының бірі. Мен бүгін осы команданы құттықтадым. «Қайраттың» бапкері да, ойыншылар да өте жақсы. Дайындалатын уақытымыз аз болды, өйткені, сәрсенбі күні «Ордабасымен» қиын ойын өткізген болатынбыз, ерекше дайындалуға уақытымыз жетіспеді. Ойыншыларды қалыпқа келтіру маңыздырақ болды. Бірнеше күн ішінде ойынның әр түрлі үлгілерін сынап көрген болатынбыз. Алайда, жаттығу кезінде ойын бір үлгіде болса, алаңда мүлде басқа болып шығуы мүмкін екені мәлім ғой.

- Премьер-Лигадағы легионерлер санының мүмкін азаю туралы не айта аласыз?

- Мен қазақстандық футбол ережелерін сөз қылғым келмейді. Менің ойымша, легионер жақсы ойыншы болса, ол ойнау керек. Еуропалық одақта легионерлер саны шектелмейді. Біздің құрамамыздың күрделі мәселесі – легионерлер деп ойламаймын. Алайда, бұл мәселені басқа адамдар шешеді ғой.

- Жарақат алған Бауржан Жолшиевтің қалы қалай?

- Ол басынан қатты жарақат алды, жарақаты қаншалықты күрделі екенін қазір айта алмаймын. Менің ойымша, тез оңалып кетеді.

- Таңат Нөсербаев толық 90 минут бойы ойнауға дайын ба?

- Шындығын айтса, Таңат Нөсербаев бүгін 10 минут та ойнауға дайын болған жоқ. Алайда, ойын барысында біз капитанды, гол соғатын ойыншыны қажетсіндік. Оған алаңға шығуға рұқсат беріп, мен тәуекелге барған болатынмын – ол әлі дайын емес. Соңғы ойында гол соғумен қиын мәселе туған болатын, осы ойында біз төрт гол соққан болатынбыз. Бұл өте жақсы. Танат бізге осындай артықшылық берді. Біздің барлық шабуылшыларымыз – Джолчиев та, Нүсербаев та аман-сау болса, шабуылымызда мәселе тумайды, деп әлдеқашан айтқан болатынмын.

Дереккөз: «Астана» ФК ресми сайты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или