Қазақстан жасөпірімдер құрамасы халықаралық жарысқа қатысады

Қазақстан жасөпірімдер құрамасы халықаралық жарысқа қатысады

Қазақстан U17 құрамасы Минск қаласында өтетін «Даму Кубогы» жарысына қатысады, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Бұл команданы биылдан бастап Александр Кузнецов баптайтын болады. Ол осыған дейін Қазақстан U19 құрамасының тізгінін ұстаған еді. 17 жасқа дейінгі жеткіншектер құрамасы Нұр-Сұлтан қаласына жиналып, 31 қаңтардан бастап бір апталық жаттығу жиынын өткізеді.

Минсктегі жарыс 6-13 ақпан аралығында өтеді. Онда Қазақстан құрамасы «А» тобында өнер көрсетеді. Біздің команданың бәсекелестері Белорусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан құрамалары болады. Қазақстан U17 құрамасы алғашқы ойынын 6 ақпан күні Белоруссия құрамасына қарсы ойнап бастайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или