«Ақтөбе» Гоу, Бачек, Удо және Бочаровпен келісімшарт жасамады
«Ақтөбе» бірінші оқу-жаттығу жиынында қаралымнан өткен ойыншылар жайлы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
- «Ақтөбе» сапында Қазақстан жастар құрамасының 21 жастағы жартылай қорғаушысы Дмитрий Бачек, Армения құрамасының ойыншысы Соломон Удо, ресейлік қорғаушы Антон Бочаров және ивуарлық шабуылшы Жерар Гоу қаралымнан өткен болатын.
Украиналық «Полесье» мен «Заря» ұжымдарына қарсы кездесуде Удо, Бочаров және Бачек ойынға араласса, Гоудың физикалық дайындығы бапкерлік штабтың көңілінен шықпады. Төрт ойыншыға да «Ақтөбе» келісімшарт ұсынбайтын болды, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или