Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Арменияда жолдастық матч өткізеді
Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U19) Арменияда екі жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биылдан бастап Қазақстан U19 құрамасын Вахид Масудов баптайды. Ол осыған дейін «Ақтөбе» клубының бас бапкері болды. 19 жасқа дейінгі жастар құрамасын өткен жылы Александр Кузнецов жаттықтырған еді.
Нұр-Сұлтан қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізген соң құрамамыз Армения еліне атанады. Онда сол елдің құрамасымен 2 матч өткізеді. 8 ақпан күні Қазақстан U19 құрамасы Ереванға жол тартады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или