Холанд жарақат алып қалды
Дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холанд жарақат алып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы «аралардың» баспасөз қызметі мәлімдеді.
21 жастағы норвегиялық ойыншы Германия Бундеслигасының 20-туры аясында өткен «Хоффенхаймға» қарсы ойында (3:2) бұлшық етін жаралап алды. 63-минутта ауыстырылды.
Оның қашан қатарға оралатыны қазірше белгісіз.
Айта кетейік, Холандд осы маусымда барлық турнирде 20 ойынға қатысып, 23 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или