Зайнутдиновтің командасы жолдастық матчта жеңілді
Мәскеулік ЦСКА Люксембургтің «Дюделанж» командасымен жолдастық кездесу өткізді, хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойында 1:0 есебімен Люксембург елінің командасы жеңіске жетті.
Жалғыз голды кездесудің 14-минутында «Дюделанж» командасының жартылай қорғаушысы Давид Синани соқты.
Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов негізгі құрамда алаңға шығып, екінші тайм басында алмастырылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или