«Тобыл» мен «Қайрат» ресейлік клубпен жолдастық матч өткізеді

«Тобыл» мен «Қайрат» ресейлік клубпен жолдастық матч өткізеді

Ресей Премьер-лигасында бақ сынайтын «Сочи» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында жолдастық матч өткізетін қарсыластарын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, 14 ақпанда «Сочи» Қазақстанның қазіргі чемпионы қостанайлық «Тобылмен» кездеседі. Ал 18 ақпанда Қазақстан кубогының жеңімпазы «Қайратпен» матч өткізеді.

Айта кетейік, «Сочи» қазір 18 матчтан кейін 31 ұпай жинап, Ресей чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или