«Атыраудың» бұрынғы ойыншысы «Тараз» командасымен келісімшартқа отырды

«Атыраудың» бұрынғы ойыншысы «Тараз» командасымен келісімшартқа отырды

«Атыраудың» бұрынғы ойыншысы Алекс Жуниор ресми түрде «Тараз» ФК ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.<br /><br />Ол кәсіпқой мансабын 2013 жылы Виолетт футбол клубында бастады. «Джерси Экспресс», «Вила-Реал», «Боависта», «Камача», «Гандзасар», «Арарат-Армения», «Атырау» сияқты командаларда өнер көрсетті. Алекс «Арарат-Армения» құрамында Арменияның екі дүркін чемпионы және ел суперкубогының иегері. Ол Гаити жастар құрамасына (23 жасқа дейін) тартылған және ұлттық құраманың белсенді ойыншысы.<br /><br />Ойыншының соңғы клубы «Атырау» (Қазақстан) болды, ол 2021 жылғы маусымда 12 ойын өткізіп, 1 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или